Ресейлік боксшы Александр Поветкин ұлыбританиялық Диллиан Уайтқа қарсы кездесуде алған жарақаты туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Уайт қарсыласын төртінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

«Жекпе-жек кезінде қолым жарақаттанды - саусағым сынды. Маңызды ма, жоқ па, білмеймін. Ауырыңқырады, бірақ бәрі қалыпты. Мен саусағымның салдарынан жеңілдім деген сөз емес. Әлсіздеу болғаным үшін жеңілдім», — деді Поветкин.

Бұған дейін ресейлік боксшы карьерасын аяқтаған болатын.