«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Мессиге мадридтік «Атлетикоға» қарсы матч алдында әріптестеріне кешкі ас ұйымдастырғаны үшін айыппұл салынуы мүмкін.

Каталонияда 8 мамырға карантин шаралары күшейтілгене қарамастан Месси бір топ әріптестеріне кешкі ас жасаған.

Дегенмен клуб басшылығы карантин талаптары бұзылмай, қонақтар әлеуметтік ара-қашықтықты сақтады деп отыр. Енді Ла Лига басшылары осы іс бойынша тергеу жұмыстарын жүргізеді.