Грузия құрамасының тізгінінен кеткен Владимир Вайсс отанына оралды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Sputnik-georgia мәліметінше, Владимир Вайсс Братиславаның «Слован» командасының тізгініне келеді. Ол бұл орында Дарко Миланичті алмастырады.

Естеріңізде болса, словакиялық маман 2013-2015 жылдар аралығында «Қайратты» жаттықтырған еді. Өткен жылы «Астана» Владимир Вайссты сол кездегі бапкер Роман Григорчуктың орнына қарастырған. Тіпті, словакиялық маман Қазақстанға келіссөз өткізуге келген.