Флойд Мейвезер бір кездері рингке шығуға мәжбүр болған ең үздік боксшыны атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мейвезер International Business Times газетіне берген сұхбатында:«Мен жұдырықтасқан ең үздік боксшы - Мэнни Пакьяо. Рингте қалай қимылдайтыны көпті сүйсіндіреді. Сөзсіз, мықты боксшы. Мен оның неліктен көп жекпе-жекте жеңіске жеткенін және оның Даңқ залынан орын алуға үміткер екенін жақсы түсінемін».

Қазіргі уақытта Мейвезер YouTube блогері Логан Полмен жекпе-жекке дайындалуда. Жекпе-жек 6 маусымда Майамидегі (Флорида, АҚШ) Хард Рок стадионында өтеді.