Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін бразилиялық Эскива Фалькаоға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бразилиялық боксшы Uol.com.br басылымына берген сұхбатында Головкинге қарсы жекпе-жек өткізетінін айтты. Оның сөзінше, жекпе-жек тамыз айында Лас-Вегаста өтеді.

31 жастағы Эскива Фалькао әуесқой мансабында 2012 жылғы Олимпиаданың финалына шыққан.

Айта кетейік, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін өткен жылы желтоқсанда өткізіп, Камил Шереметаны жеңген еді.