Ресейлік ММА файтері Вячеслав Василевский Екатеринбургтегі RCC 9 турнирінің басты жекпе-жегінде бразилиялық Вискарди Андрадені төрешілер шешіммен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Василевский барлық раундта қарсыласынан басым түсті. Екінші бесминуттықта қарсыласын нокдаунға түсірді.

Василевский үшін бұл мансабындағы 35-ші жеңісі болды. 8 рет ұтылған.

Андраде оныншы жеңілісіне ұшырады.