«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов сырт алаңда «Ақтөбеге» (2:0) қарсы матч туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Командаға әртүрлі алаңдарда ойнау кері әсер етіп жатыр, футболшылардың жарақат алуы жиілеп кетті. Мәселен Абат Айымбетов жамбасының артқы бұлшықетін зақымдап, матчы соңына дейін жалғастыра алмады. Ал команда өте жақсы ойнады, өз голдарын соғып, алаңда бар күш-жігерін салды. Бірінші таймды қоспағанда, қарсыласқа мүлдем мүмкіндік бермедік десе де болады, оның өзінде Дмитрий Непогодов керемет ойын көрсетті. Ал жалпы алғанда, ойынды толығымен өз бақылауымызда ұстап, лайық жеңіске жеттік. Команда барын салып ойнады және әдемі матч өткізді, жігіттерге сол үшін алғыс айтқым келеді. Бұл жеңіспен барлық жанкүйерлер мен клубты құттықтаймын!», - деді Тихонов.