3 мамырда Петропавл, Шымкент, Орал мен Нұр-Сұлтанда футболдан Қазақстан чемпионатының 9-туры өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елорда уақытымен 16:00-де Петропавлдағы «Қарасай» стадионында жергілікті «Қызыл-Жар» мен алматылық «Қайрат» кездеседі.

18:00-де оралдық «Ақжайық» пен талдықорғандық «Жетісу» кездеседі.

18:00-де тағы бір матч басталады. Шымкентте оңтүстікқазақстандық дерби өтеді – «Ордабасы» түркістандық «Тұранды» қабылдайды.

9-тур «Астана Аренада» аяқталады, қарағандылық «Шахтер» мен қызылордалық «Қайсар» кездеседі. Ойын 20:00-де басталады.

Фото pflk.kz