Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мадридте өтіп жатқан ATP сериялы турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың бірінші айналымында Александр Бублик венгр Мартин Фучовичті екі сетте жеңді. Қорытынды есеп - 6:7, 3:6.

Кездесу бір сағат 28 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық 8 эйс жасады.Келесі турда Бублик канадалық Денис Шаповаловпен ойнайды. Матч 4 мамырға жоспарланған.