Қазақстандық теннисші Анна Данилина Шарлоттсвиллдегі ITF W60 турниріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ktf.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнирдің жұптық сынының финалында Данилина аустралиялық Арина Родионовамен бірге жаңазеландиялық Эрин Рутлифф пен индонезиялық Алдила Сутжиадиді 6:1, 6:3 есебімен жеңген еді.

«Бұл маусым жақсы өтіп жатыр, кезекті титулыма қол жеткізгеніме қуаныштымын. Дұрыс бағытта келе жатырмын. Шешуші матчқа келер болсақ, екінші партияда дұрыс ойнадық - нәтижені өз пайдамызға жазу үшін агрессив көрсеттік», - деді Данилина.