«Ақтөбе» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Юрий Перцух Қазақстан чемпионатының 9-турындағы «Астанаға» қарсы матчқа қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған екі клуб арасындағы келісім себеп болған. Ақтөбелік клуб Перцухты «Астанадан» жалға алған болатын, келісім бойынша, футболшы елордалық клубқа қарсы ойнай алмайды.