2 мамырда футболдан Қазақстан чемпионатының 9-турының бағдарламасы Ақтөбе, Атырау және Қостанайдағы матчтармен ашылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де «Ақтөбе» - «Астана» кездесуі басталады. Елордалықтар соңғы төрт турда жеңіске жетті. «Ақ-қызылдар» үш ойын бойы жеңілістен көз ашпай келеді.

18:00-де Атырауда батысқазақстандық дерби басталады. Жергілікті «Атырау» ақтаулық «Каспийді» қабылдайды. Екі команда турнир кестесінің ортасында орналасқан.

Қазақстан астанасы уақытымен 19:00-де Қостанайдың «Тобылы» мен «Тараз» арасындағы матч басталады. Жамбылдықтар үш ұпай олжаласа, көш басындағы «Астанамен» ұпайы теңеседі. Өткен турда сырт алаңда «Каспийге» есе жіберген қостанайлықтар жеңіске жетіп, үздік үштікке кіруге тырысады. Турнир кестесіндегі орындарына қарап, турдың орталық ойыны деп дәл осы матчты атауға болады.