«Ақтөбе» футболшылары «Астанаға» қарсы матчқа дайындығын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб баспасөз қызметі жаттығудың видеосын жариялады. Видеодан «Ақтөбе» мен «Астананың» бұрынғы ойыншысы Юрий Логвиненконы көруге болады. Таяуда ол ресейлік «Ротор» сапынан кеткен болатын.

«Ақтөбе» Қазақстан Премьер-лигасының 9-туры аясында жексенбіде көш басындағы «Астананы» қабылдайды.