«Баварияның» шабуылшысы Роберт Левандовски биыл жазда командасын ауыстыруы мүмкін.

Шабуылшыға «Реал» қызығушылық танытып отыр. «Бавария» 32 жастағы ойыншысын 60 миллион еуроға жіберуге дайын екенін мәлімдеген.

Айта кетейік, бұған дейін Левандовскиді сатып алу бойынша «Баварияға» Еуропаның бірнеше белді клубтарынан ұсыныс түскен белгілі болған еді.