«Манчестер Сити» бас бапкері Пеп Гвардиола аргентиналық футболшы Лионель Мессиге «Барселонада» қалуға кеңес берді. «Месси мансабын «Барсада» аяқтайды деп үміттенемі. Өйткені ол бұл клубтан жақсы жер таппайды», – деді жаттықтырушы. Айта кетейік, Гвардиола өткен жылы Мессиді «Манчестер Ситиге» шақырған еді.