Бүгін, 1 мамыр күні Тайландтың Паттайя аймағында слаломды есуден Азия іріктеу турнирі басталады. Жарыс бағдарламасы жарияланды.

Жарыстың алғашқы күнінде іріктеу сындары өтеді. ​

​К 1 М (ерлер, қайық) – 10 спортшы – 6 ел (Қазақстан, Қытай, Тайпей, Тайланд, Өзбекстан, Корея)

С 1 W (әйелдер, каноэ) – 6 спортшы – 4 ел (Қазақстан, Қытай, Тайпей, Тайланд)​

С 1 М (ерлер, каноэ) – 10 спортшы – 5 ел (Қазақстан, Қытай, Тайпей, Тайланд, Өзбекстан)

К 1 W (әйелдер, каноэ) – 5 спортшы - 3 ел (Қазақстан, Тайланд, Тайпей).

Айта кетерлігі, Қазақстан сапынан Азия іріктеу турниріне алты спортшы қатысады.

Олар: 1. Қуаныш Еренғайыпов 2. Анастасия Анантьева 3. Екатерина Таранцева 4. Роман Таштамышев 5. Екатерина Смирнова 6. Александр Куликов.