Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанда WT таеквондодан бірден екі республикалық турнир өтеді.

15-18 мамыр аралығында «Думан» қонақ үй кешенінде Қазақстан Республикасының V-ші Жастар спорттық ойындары аясында жарыстар өтеді. Олардан кейін 21-24 мамыр аралығына Кадеттер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты жоспарланған.

Айта кетейік, екі турнир де көрерменсіз өтетін болады.