Жеңіл салмақта бұрынғы уақытша чемпион Дастин Порье UFC-дің екі салмақтағы бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор Макгрегордың Boys & Girls Club of Acadiana ұйымына 500 000 доллар бергені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

Ұйым Порьенің туған қаласында орналасқан.

«Көбі бұған негатив қосып, бұл маған түкіргенмен бірдей деп жатыр. Конор ақшаны менің қорыма аудармады, бұл менің ақшам емес. Бұл халықтың ақшасы. Ол маған түкірмеді, «бестік» берді, өйткені ұйым оның әрекетінен тек пайда көрді», — деді Порье.