Қазақстандық UFC файтері Жалғас Жұмағұлов Америка допингке қарсы агенттігінің (USADA) тыйым салынған заттарға қарсы кезекті сынағынан өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі Stories бөлімінде жариялады. Әрі «USADA-ның сегізінші сынағы. Таңғы 7, 8 тест», - деп жазды.

Айта кетейік, Жұмағұлов UFC-дегі үшінші жекпе-жегін өткізуге дайындалып жатыр. Отандасымыз 11 шілдеде Лас-Вегаста өтетін UFC 264 турнирінде америкалық Джером Риверамен кездеседі.