«Тұран» ФК ресми сайтында команда жартылай қорғаушысы Милан Стоянович жарақат алғанын мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Тұранның» сербиялық легионері Милан Стоянович жарақатына байланысты жақын арада командасына көмектесе алмайды. Жартылай қорғаушыға мениск жарақаты диагнозы қойылды. Футболшы Белградқа ұшып кетті, сол жерде оған операция жасалады», - деп жазды клубтың баспасөз қызметіндегілер.