29 сәуірде Талдықорған, Алматы мен Қызылордада футболдан Қазақстан чемпионатының 8-туры аяқталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де талдықорғандық «Жетісу» мен қарағандылық «Шахтер» кездеседі. Екі ұжым да өткен турда жеңілген, бұл жолы жанкүйерлерлерін қуантуға тырысады. Ал талдықорғандықтарға турнир кестесінің соңғы орнынан шығу қажет.

19:00-де Алматыдағы Орталық стадионда турдың орталық матчы өтеді - «Қайрат» шымкенттік «Ордабасыны» қабылдайды. Алматылықтар қатарынан үш тур бойы жеңе алмай келеді, бүгін бұл серияға нүкте қоюға тырысады. Ал шымкенттік ұжым жеңіске жетсе, алматылықтардан төрт ұпайға озады.

20:00-де қызылордалық «Қайсар» мен петропавлдық «Қызыл-Жар» арасындағы матч басталады. Петропавлдықтар жеңсе, алтыншы, тіпті, бесінші орынға да көтеріліп кетуі мүмкін. Қызылордалықтар да бұл ойында жеңіске жетуге тырысады.

Фото: pflk.kz