Қазақстандық боксшы Берікбай Нұрымбетов (7-2-1, 2 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com мәліметінше, Нұрымбетов келесі жекпе-жегін 7 мамырда Екатеринбургте (Ресей) RCC Boxing Promotions компаниясының турнирінде өнер көрсетеді. Қарсыласы ресейлік Иван Никонов (4-0, 1 КО) болады. Орта салмақтағы жекпе-жегі алты раундқа есептелген.

Еске салайық, Нұрымбетов кейінгі рет 9 сәуірде жұдырықтасқан. Сол кезде отандасы Мадияр Тұрсынәлиді (0-1) бірінші раундта нокатуқа түсірген еді.