Украиналық Василий Ломаченко келесі жекпе-жегін қашан және кімге қарсы өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі vringe.com сайтына сілтеме жасап.

ESPN телеарнасының шолушысы Марк Кригель Ломаченко рингке 26 маусымда оралатынын мәлім етті. Оның қарсыласы Масайоши Накатани (19-1, 13 КО) болады. Жекпе-жек Лас-Вегастағы Virgin Hotels аренасында өтеді.

Ломаченко кейінгі жекпе-жегін 2020 жылы қазанда өткізген. Сол кезде ол Теофимо Лопестен жеңіліп қалған еді.