«Манчестер Сити» футбол клубы Англия лига кубогын жеңіп алды, деп жазады Prosports.kz.

Хосеп Гвардиоланың командасы финалда «Тоттенхэмді» 1:0 есебімен жеңді. Ойындағы жалғыз голды қорғаушы Эмерик Лапорт соқты.

Айта кетейік, «Манчестер Сити» бұл кубокты қатарынан төртінші жыл жеңіп алды.