Киевтің «Динамосы» футболдан Украина чемпионатының 23-туры матчында Кировоград облысының «Ингулецін» жеңіп, турнирдің мерзімінен бұрын жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Динамода» чемпионаттың аяқталуына 3 тур қалғанда 58 ұпай бар.

Екінші орында келе жатқан донецкілік «Шахтер»«Александриядан» ұтылып (0:2), 13 ұпайға қалып қойды.

Осылайша, «Динамо» төрт маусым қатарынан созылған «Шахтер» гегемониясын үзді.