ҚПЛ-дің үздік сұрмергендерінің бірі Педро Эужениоға Қарағандының ​​«Шахтері» қызығып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңа бас бапкер тағайындалғаннан кейін, «Шахтердің» басшылығы қысқы трансферлік қателерді түзетуге кірісті. Қарағандылық клуб португалдық жартылай қорғаушыны қатарға қосқысы келеді.

Қазақстан чемпионатының алғашқы жеті турында 30 жастағы Педро «Тараз» сапында төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді.