Америкалық спортшы Роуз Намаюнас Флорида штатының Джексонвилл қаласында өтіп жатқан UFC 261 турнирінде UFC чемпиондық белбеуін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

UFC 261-де Намаюнас қытайлық Чжан Вайлимен кездесті. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундта америкалықтың жеңісімен аяқталды.

Осылайша Роуз Намаюнас ең жеңіл салмақта UFC-дің екі дүркін чемпионы атанып, мансабындағы 10-шы жеңісіне қол жеткізді. Вайлиге келетін болсақ, қытайлық спортшы өзінің мансабындағы екінші және UFC-дегі алғашқы жеңілісіне ұшырады.

UFC 261 турнирінің үшінші жекпе-жегінде аса жеңіл салмақта қырғызстандық Валентина Шевченко бразилиялық Джессика Андрадені жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.