Роуз Намаюнас қытайлық Чжан Вэйлиді нокаутқа жіберіп, UFC титулын қайтарып алды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАмерикалық спортшы Роуз Намаюнас Флорида штатының Джексонвилл қаласында өтіп жатқан UFC 261 турнирінде UFC чемпиондық белбеуін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
UFC 261-де Намаюнас қытайлық Чжан Вайлимен кездесті. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундта америкалықтың жеңісімен аяқталды.
Осылайша Роуз Намаюнас ең жеңіл салмақта UFC-дің екі дүркін чемпионы атанып, мансабындағы 10-шы жеңісіне қол жеткізді. Вайлиге келетін болсақ, қытайлық спортшы өзінің мансабындағы екінші және UFC-дегі алғашқы жеңілісіне ұшырады.
UFC 261 турнирінің үшінші жекпе-жегінде аса жеңіл салмақта қырғызстандық Валентина Шевченко бразилиялық Джессика Андрадені жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.