23 сәуірде Қазақстан чемпионатының 7-туры аясында төрт матчы өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Кездесулер Ақтау, Нұр-Сұлтан, Атырау және Қостанайда өтеді.

Елорда уақытымен 16:00-де ақтаулық «Каспий» өз алаңында «Таразды» қабылайды.

17:00: «Астана Аренада» жергілікті «Астана» мен қарағандылық «Шахтер» кездеседі. Бірақ бұл ойында «Астана» номиналды қонақ команда саналады.

18:00: «Атырау» өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылайды.

19:00: Қостанайда «Тобыл» мен түркістандық «Тұран» арасында матч өтеді.