Бүгін Қазақстан чемпионатының 7-туры аясында Ақтауда жергілікті «Каспий» мен «Тараз» кездеседі.

Ел чемпионаты тарихындағы үздік сұрмергендердің бірі бірі Руслан Иманқұлов Prosports.kz сайтына аталған кездесу туралы пікір білдірді.

- «Тараз» маусымды жақсы бастады. Қазір ойыншыларында жеңіске деген құштарлық басым, сондықтан жамбылдық жігіттерде басымдылық бар деп санаймын. Бірақ оңай ойын болмайды, өйткені олар сырт алаңда өнер көрсетеді, - деп сарапшы өз ойымен бөлісті.

Айта кетейік, алғашқы алты ойыннан кейін «Тараз» 14 ұпай жинап, ҚПЛ турнирлік кестесінде «Астанамен» бірге көш бастап тұр.