Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бобиржан Момынов (12-1, 8 КО) кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісіне ұшырады, деп жазады Prosports.kz.

Вест-Пойнтте (Нью-Йорк, АҚШ) өткен бокс кешінде 29 жастағы жерлесіміз мексикалық Анхель Руистен (17-1, 12 КО) жеңілді. Момынов жекпе-жек барысында екі рет нокдаунға түсіп қалды.

Назарларыңызға Бобиржанның бірінші нокдаунға түске сәтінен видеожазба ұсынамыз.