Қазақстандық Жұлдыз Шаяхметова бокстан жастар арасында Кельцте (Польша) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шешуші кездесуде Шаяхметованың қарсыласы үндістандық Винка болған. Қазақстандық боксшы үшінші раундта үш нокдауннан кейін техникалық нокаутпен жеңілді.

Жекпе-жек 60 келіге дейінгі салмақта өтті.