22 сәуірден 23 сәуірге қараған түні қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов (12-0, 8 КО) Нью-Йоркте (АҚШ) «Найзағай» деген лақап аты бар мексикалық Анхель Руиспен (16-1, 12 КО) жекпе-жек өткізеді.

Бокс кешінің тікелей көрсетілімі Нұр-Сұлтан уақытымен 04:30-да басталады және мына жерден көруге болады. Момынов өзінің соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйегінде өткізді. Ол кезде судьялардың көпшілігінің шешімімен ресейлік Вагинак Тамразянды жеңген болатын (17-8, 5 КО).

Руиске келетін болсақ, ол 2019 жылдың қазан айынан бастап рингке шықпады. Сол жылы ол профиде бірінші рет жеңіліске ұшырады: екінші раундта Пуэрто-Рико боксшысы Хавьер Флорес (15-3, 13 КО) нокаутқа түсірген еді. Анхель Руистің әйгілі тәлімгер Мэнни Роблестің басшылығымен жаттығатынын айта кеткен жөн. Тәлімгер бұрынғы ауыр салмақтағы әлем чемпионы Энди Руиспен бірге жұмыс істеген.