Ирландиялық файтер Конор Макгрегор 10 шілдеде өтетін Дастин Порьеге қарсы жекпе-жек жайлы пікір білдірді.

«Оңай жұмыс болады. Қайтадан лық толған зал. Билет пен PPV сатылымынан тағы да рекорд. 10 шілде, күнәһарлар қаласы», - деп жазды файтер.

UFC президенті Дана Уайт ирландиялық Конор Макгрегор мен америкалық Дастин Порье арасындағы жекпе-жектің барлық билеті сатылып кеткенін айтты.

Қос файтердің үшінші жекпе-жегі 10 шілде күні Лас-Вегаста өтеді. Жанкүйерлер 20 800 билетті жарты сағатта сатып алған.