UFC президенті Дана Уайт нигериялық Исраэль Адесаньянің (20-1-0) келесі қарсыласы кім болатынын айтты, деп жазады Prosports.kz.

Дана Уайттың айтуынша, Адесаньянің келесі қарсыласы Роберт Уитаккер болады. Егер қандай да бір себеппен ол октагонға шыға алмаса, оны Марвин Веттори алмастырады.

Айта кетейік, Адесанья соңғы жекпе-жегінде польшалық Ян Блаховичтен жеңіліп, мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.