Елордалық «Барыс» хоккей клубы Instagram желісіндегі парақшасында таяуда Қазақстан азаматтығын алған Виктор Сведбергтің голының видеосын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Швеция тумасы ҚХЛ-дың өткен маусымында «Барыс» сапында тұрақты чемпионатта 28 матч өткізіп, 8 (3+5) ұпай жинаған. Ал мамырдың соңында ол әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында дебютін өткізеді.