Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы 12 клуб қатысатынын растаған Суперлигаға қарсы қару дайындап жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Суперлига - бұл еуропалық клубтардың белгілі бір тобы қатысатын жыл сайынғы жоспарланған жарыс. Турнирге қатысатындарын «Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити», «Тоттенхэм», «Ливерпуль», «Челси», «Арсенал», «Барселона», «Реал», «Атлетико», «Ювентус», «Милан» және «Интер» растады.

RMC Sport-тың хабарлауынша, УЕФА Лондонда орналасқан Ұлыбританиядағы инвестициялық қормен бірге Чемпиондар лигасының жаңа нұсқасын жасауға кірісіп кетті. Оның бастапқы бюджеті 4,5 миллиард еуроға жуықтайды және 7 миллиард еуроға дейін өсуі мүмкін. Ал Суперлиганың бюджеті 4 млдр еуро шамасында болатыны кеше хабарланған еді.

УЕФА бұл ұсынысты Суперлигаға қатысудан бас тартқан клубтармен, оның ішінде «Бавария» және ПСЖ-мен бірге қарастыруда. Жаңа турнирге қатысудан бас тартқан клубтар да жобаға қосыла алады. Қор мен УЕФА арасындағы келіссөздер бірнеше аптадан бері жалғасып келеді.

«Бірнеше клубтың жеке мүддесіне негізделген». УЕФА, АПЛ, Ла Лига мен Италия А Сериясы Суперлигаға қарсы шықты

Суперлига клубтары өз мүдделін қорғау үшін сотқа жүгінеді