Қазақстандық Адлан Асқаров Азия чемпионатында екінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz

Еркін күрестен 61 келіге дейінгі салмақтағы финалдық кездесуде ол өзбекстандық Джахонгирмирзе Туробовтан жеңіліп қалды. Есеп - 9:14.

Кеше еркін күрестен Талғат Сырбаз (70 келі) Азия чемпионы атанса, Әлішер Ерғали (97 келі) күміс жүлде иеленген еді.