Қазақстандық Адлан Асқаров (61 келіге дейін салмақта) еркін күрестен Алматыда өтіп жатқан Азия чемпонатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда Асқаров үндістандық Равиндер Равиндерді жеңді. Кездесу қазақстандық балуанның пайдасына 6:4 есебімен аяқталды.

Енді финалда Адлан Асқаров өзбекстандық Джахонгирмирза Туробовпен кездеседі.