Швециялық «High Coast Esports» Dota 2 бойынша құрамын тарататынын мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ұйым ресми twitter-парақшасында жазды.

Жолымыз осы жерден бітеді. Өкінішті, бүгін Dota-дағы уақытымыз аяқталды. Қаржылық қиындықтарға байланысты құрамамызды таратуға мәжбүрміз.

Ойыншыларға сәттілік тілейміз, The International 10 турнирінде көреміз деп үміттенеміз.