Dota 2 ойынынан «High Coast Esports» құрамы таратылды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызШвециялық «High Coast Esports» Dota 2 бойынша құрамын тарататынын мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы ұйым ресми twitter-парақшасында жазды.
Жолымыз осы жерден бітеді. Өкінішті, бүгін Dota-дағы уақытымыз аяқталды. Қаржылық қиындықтарға байланысты құрамамызды таратуға мәжбүрміз.
Ойыншыларға сәттілік тілейміз, The International 10 турнирінде көреміз деп үміттенеміз.