Мексикалық боксшы Хайме Мунгуйя рингке қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Golden Boy Promotions мәліметінше, бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы 19 маусымда жекпе-жек өткізеді.

Еске салайық, Мунгуйя 23 сәуірде жекпе-жек өткізуі керек болған, бірақ екеуі де болмай қалды: алдымен поляк Мацей Сулецки жарақаттанды, кейін Деметриус Баллард та жарақат алған. Сондықтан Хайме рингке маусымда оралады.

Әзірше мексикалық боксшының қарсыласы кім болатыны белгісіз. Кездесу Эль-Посода өтеді және транссляцияны DAZN көрсетеді.

Геннадий Головкин и Хайме Мунгуйя