Орта салмақта WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боксшы рингке 19 маусымда АҚШ-та оралады. Қарсыласы 27 жастағы мексикалық Хуан Монтиэль болады.

Еске салайық, кейінгі жекпе-жегінде Джермалл Чарло украиналық Сергей Деревянченконы жеңген болатын.