«Реа Мадрид» футбол клубы Лука Модричпен келісімшарт мерзімін ұзартуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

35 жастағы жартылай қорғаушы клубпен келісімшарт мерзімін 2022 жылға дейін ұзартуға келісті. Дереккөздің хабарлауынша, хорватиялық ойыншы жаңа келісімшарт жасасу үшін жалақысын қысқартуға келісім берді.

Айта кетейік, Модрич «Реал» сапында 2012 жылдан бері өнер көрсетіп жүр.