Бүгін Алматыда футзалдан Қазақстан чемпионатының бірінші жартылай финалдық матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалдық кездесулер бір команда үш мәрте жеңіске жеткенген дейін ойналады. Екінші және үшінші ойындар сәйкесінше 17 және 20 сәуірде өтеді.
«Ақтөбе» - «Атырау» матчының тікелей көрсетілімі QazSport телеарнасында тамашалауға мүмкіндік бар. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады.
Комментарии