Бүгін түнде Еуропа Лигасының ширек финалының қарымта матчтары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нәтижесінде «Рома», «Арсенал», «Манчестер Юнайтед» және «Вильярреал» жартылай финалға өтті.

Жартылай финалда «Вильярреал» «Арсеналмен», ал «Манчестер Юнайтед» «Ромамен» кездеседі.

«Славия» - «Арсенал» - 0:4 (1:5 - жалпы есеп)

Гол соққандар: 0:1 (18) Пепе, 0:2 (21), пенальти Ляказетт, 0:3 (24) Сака, 0:4 (77) Ляказетт.

«Манчестер Юнайтед» - «Гранада» - 2:0 (4:0 - жалпы есеп)

Гол соққандар: 1:0 (6) Кавани, 2:0 (90), автогол Вальехо.

«Вильярреал» - «Динамо» Загреб - 2:1 (3:1 - жалпы есеп)

Гол соққандар: 1:0 (36) Пако Алькасер, 2:0 (43) Жерар Морено, 2:1 (74) Оршич.

«Рома» - «Аякс» - 1:1 (3:2 - жалпы есеп)

Гол соққандар: 0:1 (49) Броббей, 1:1 (72) Джеко.