Италия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Лука Тони «Ювентус» ойыншысы Криштиану Роналдудың әрекетін сынға алды.

Роналду «Дженоаға» (3:1) қарсы матчтан соң жейдесін шешіп, алаңға лақтыра салды.

– Роналду «Ювентус» үшін маңызды ойыншы. Ол лиганың үздік сұрмергені. Қандай жағдай болмасын, мен өзімді қолымда ұстайтынмын. Не болса да, жейдені жерге лақтыру дұрыс емес. Оны қолға ұстату керек. Ұлы чемпион өзгелерге үлгі болу керек, – деді Лука Тони.