Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының бірінші күнінде екі алтын медаль алды. 76 келіде Азияның су жаңа чемпионы атанған Эльмира Сыздықова Olympic.kz сайтына жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті.

- Үйде күрескен қашан да үлкен жауапкершілікті талап етеді. Шыны керек, негізі үйде күрескен әлдеқайда қиынырақ. 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші рет Азия чемпионы атанып отырмын.

Бапкерлерім мен құраманың дәрігер, массажистеріне алғысым шексіз. Өздеріңіз көргендей, мен бірінші белдесуде қарсыласыма жол бердім. Кейін бапкерім "кілемде жаттығуға шыққан сияқты күрес" деп ақылын айтты, - дейді Азия чемпионы Эльмира.