15 сәуірде әйелдер күресінен Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында 50, 55, 59, 68 және 76 келіге дейінгі салмақта медальдар сарапқа салынады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында мына спортшыларымыз сынға түседі: Валентина Исламова-Брик (50 кг дейін), Айша Уәлихан (55 кг дейін), Диана Каюмова (59 кг дейін), Анастасия Панасович (68 кг дейін) және Эльмира Сыздықова (76 кг дейін).

Бастапқы белдесулер елорда уақытымен 11:00-де басталады. Ал финал 18:00-де болады. Кездесулерді мына СІЛТЕМЕ бойынша қарауға болады. 11:30-да Qazsport телеарнасының трансляциясы басталады, эфирді мына СІЛТЕМЕДЕН қарай аласыздар.