Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Ерұлан Ысқақов 97 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерұлан қола жүлде үшін күресте Ирак елінің өкілі Әли Әл Каабимен кездесуі керек еді. Алайда, Ысқақовтың қарсыласы кілемге шыққан жоқ.

Сол себепті, қазақстандық балуан автоматты түрде Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді.